Жаңалықтар тізбегі
0

Газа секторынан 7 мың шетелдікті эвакуациялау жоспарланып отыр

Газа секторынан 7 мың шетелдікті эвакуациялау жоспарланып отыр, сурет - Zakon.kz жаңалық 02.11.2023 18:12 Сурет: wikimedia
Мысыр билігі Израиль қоршап алған Газа секторынан 7 мыңға жуық шетелдік пен қос азаматтығы бар адамдарды эвакуациялауға көмектесетінін мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

The Guardian басылымының хабарлауынша, Египет Газа секторымен шекарадағы Рафах шекара бекеті арқылы шетелдік азаматтарды өткізуге ниетті. Мысыр билігі бақылау-өткізу пунктінің нақты қашан ашылатынын әлі айтпады.

Бейсенбі, 2 қарашада Рафах бақылау-өткізу бекетінен шамамен 400 адам өтеді деп жоспарланып отыр. Ауыр жарақат алған бейбіт тұрғындарды Мысыр ауруханаларына жеткізу үшін шекара маңында жедел жәрдем көліктерінің тізбегі құрылды. Бір күн бұрын, 1 қарашада Рафах арқылы 361 адам өтті. Олардың көбі - Газада болған Австрия, Италия, Франция және Германия азаматтары.

Израиль армиясы бұған дейін бірнеше рет Газа секторының тұрғындарын анклавтың солтүстік бөлігінен оңтүстікке көшіруге шақырған. Қоршауға алынған сектордың солтүстігінде Израиль қорғаныс күштері (IDF) мен палестиналық Хамас қозғалысының содырлары арасында шайқас жүріп жатыр. IDF 27 қазанда Газада құрлық операциясы басталғаннан бері 17 сарбаздың қаза тапқанын және кейінгі 24 сағатта "ондаған лаңкестің" өлгенін хабарлады.

Рафах бақылау-өткізу пункті ашылғаннан кейінгі бірінші күні ол арқылы 400-ден астам адам эвакуациялана алғаны бұған дейін хабарланған.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: