ХАМАС Газа секторындағы аурухананы әскери базаға айналдырды
The Telegraph газетінің Газа секторындағы меншікті тілшісіне сілтеме жасап жазуынша, ХАМАС батальонының қалдықтары Палестина анклавының солтүстігіндегі Бейт-Ханун қаласындағы Индонезия ауруханасы мен мектебінен бекініс жасап алған. Мың содырдың жүзге жуығы аман қалып, аурухананы бақылауына алды.
7 қазанда ХАМАС-тың Израильге шабуылына байланысты соғыс қимылдары күшейгенге дейін Бейт Ханунда 50 мыңнан астам адам тұрған. Халықтың жартысы 20 жасқа дейінгі балалар, жасөспірімдер мен жастартар құралған. Қазір қала қаңырап бос тұр деуге болады. Израиль әскерилерінің мәліметінше, бейбіт тұрғындар Бейт-Ханунды тастап, Газа секторының оңтүстігіне эвакуацияланған.
Бұрын қоғамдық аймақ болған жерде қазір израильдік танктер, ауыр техникалар мен бір взвод солдаттары деп суреттеді The Telegraph Бейт Ханундегі қазіргі жағдайды.