Жаңалықтар тізбегі
0

Енді қазақстандықтар Қытайға жиі ұшып бара алады

Енді қазақстандықтар Қытайға жиі ұшып бара алады, сурет - Zakon.kz жаңалық 10.11.2023 12:27 Сурет: Zakon.kz
10 қарашадан бастап Қазақстан мен Қытай Халық Республикасы арасында визасыз режим қолданылады. Осыған байланысты Қазақстаннан Қытайға баратын рейстер көбеймек, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР Көлік министрлігі мемлекет басшысының елдің көлік-логистикалық әлеуетін дамыту жөніндегі тапсырмасын орындау шеңберінде әуекомпаниялармен бірлесіп әуе тасымалдарына өсіп келе жатқан сұранысты қанағаттандыру мақсатында елдер арасындағы рейстер санын ұлғайту бойынша жұмыс істеп жатыр.

Осылайша, Air Astana әуекомпаниясы 2023-2024 жж. күзгі-қысқы маусымда жолаушылар ағынының өсуіне қарай мына бағыттар бойынша рейстерді ұлғайтуды жоспарлап отыр:

  • Алматы-Пекин: аптасына 6-дан 7 рейске дейін;
  • Астана-Пекин: аптасына 1-ден 3 рейске дейін;
  • Алматы-Үрімші: аптасына 2-ден 7 рейске дейін.
"Сонымен қатар келесі жылы Air Astana әуекомпаниясы Қытайдың Шанхай, Гуанчжоу және Чэнду қалаларына жаңа бағыттар ашуды жоспарлап отыр. Бұдан басқа, қытайлық "Air Logistics" жүк әуекомпаниясы ағымдағы жылдың қараша айынан бастап Алматы – Сиань бағыты бойынша тұрақты жүк рейстерін іске қосуды жоспарлап отыр", - делінген министрлік хабарламасында.

Сонымен қатар қазір Қазақстан мен Қытай арасында аптасына 27 жолаушылар тұрақты рейсі (қазақстандық 11 рейс және қытайлық әуекомпаниялардың 16 рейсі) орындалып жүр:

  • Алматы-Пекин:" Эйр Астана " - аптасына 6 рейс:
  • Астана-Пекин: "Эйр Астана" - 1 рейс;
  • Астана – Үрімші: "Fly Arystan" - 2 рейс, "China Southern Airlines" - 2рейс;
  • Алматы – Үрімші: "Эйр Астана" - 2 рейс, "China Southern Airlines" - 7 рейс;
  • Алматы – Сиань: "China Southern Airlines" - 2 рейс;
  • Астана – Сиань – Пекин: "Air China" - 2 рейс;
  • Алматы-Ханчжоу: "Loong Airlines" - 3 рейс.

Қазақстан мен Қытайдың авиациялық билігі арасындағы қолданыстағы уағдаластықтарға сәйкес екі елдің әуекомпанияларына аптасына 84 рейсті орындауға рұқсат етілді.

  • ҚР әуекомпаниялары үшін рұқсат етілген пункттер: Пекин, Үрімші, Шанхай, Санья, Сиань, Ченду, Хайкоу.
  • ҚХР әуекомпаниялары үшін рұқсат етілген пункттер: Астана, Алматы, Қарағанды, Өскемен, Қызылорда, Шымкент және қытай тарапының таңдауы бойынша тағы бір қала.
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: