Си Цзиньпин: АҚШ Қытайдың Тайваньмен қайта қосылуын қолдауы керек

Си Цзиньпин, АҚШ Қытайдың Тайваньмен қайта қосылуын қолдауы керек, сурет - Zakon.kz жаңалық 16.11.2023 11:16 Сурет: embassy.gov.cn
ҚХР төрағасы Си Цзиньпин Джо Байденмен кездесуінде Тайвань мәртебесі мәселесі Қытай мен АҚШ арасындағы қарым-қатынаста ерекше орын алатынын атап өтті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қытай орталық телеарнасының мәліметінше, Қытай көшбасшысы АҚШ Тайваньға қару-жарақ беруді тоқтатып қана қоймай, Қытайдың аралмен "сөзсіз бейбіт бірігуін" қолдауы керек.

"Америка Құрама Штаттары "Тайвань тәуелсіздігін" қолдамайтыны жөніндегі ұстанымын нақты әрекеттермен білдіріп, Тайваньды қаруландыруды тоқтатып, Қытаймен бейбіт түрде бірігуін қолдауы керек. Қытай түбі бірігеді", – деді Си Цзиньпин.

Бұған дейін АҚШ президенті Джо Байден мен Қытай төрағасы Си Цзиньпиннің екіжақты кездесуі аяқталғаны мәлім болған еді. Келіссөздер 2,5 сағаттан астам уақытқа созылды.

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: