Жаңалықтар тізбегі
0

ХҚС-ға Палестина аумағындағы жағдайды тергеуді сұрап, бес мемлекет өтініш білдірді

Халықаралық қылмыстық істер соты, Газа секторы, ХАМАС, Израиль, сурет - Zakon.kz жаңалық 18.11.2023 10:26 Сурет: icc-cpi.int
Халықаралық қылмыстық істер сотының (ХҚС) кеңсесі 7 қазандағы ХАМАС-тың террористік актілеріне жауап беруші Израильдің Палестина территориясында жасап жатқан қылмыстарын тергеуді сұраған бес елден ұсыныс-хат алды, деп хабарлайды Zakon.kz.

ХҚС прокуроры Карим Хан Оңтүстік Африка, Бангладеш, Боливия, Комор және Джибути елдерінен өтініш түскенін нақтылады. 

"Халықаралық қылмыстық істер сотының Рим жарғысына сәйкес, қатысушы мемлекет прокурорға соттың юрисдикциясына жататын бір немесе бірнеше қылмыс жасалған сияқты көрінетін жағдайды прокурордан осындай қылмыстар жасағаны үшін бір немесе бірнеше нақты адамға айып тағу керектігін анықтау үшін оны тергеуді сұрай алады", - деді Хан өз мәлімдемесінде.

Ол өз ведомствосының 2014 жылдың маусым айында Газа мен Батыс жағалауда жасалған ықтимал қылмыстарға байланысты Палестина аумағындағы жағдайды тергеп жатқанын атап өтті. Тергеу 2021 жылдың наурызында басталды.

"Тергеу жалғасуда әрі ол 2023 жылдың 7 қазанында болған шабуылдардан кейінгі шиеленістің ушығып, жасалған ұрыс қимылары мен зорлық-зомбылықты да қамтитын болады. Рим жарғысына сәйкес, мен басқарып отырған басқарма қатысушы мемлекеттің аумағында және қатысушы мемлекеттердің азаматтарына қатысты жасалған қылмыстарға қатысты тергеу жүргізу юрисдикциясына ие", деп атап өтті прокурор.

ХАМАС та, Израиль де Газа секторында әскери қылмыстар жасады деп  айыпталады. Палестина Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметі бойынша, 7 қазаннан бастап Израильдің Газа секторына жасаған шабуылдары салдарынан 11 500-ге жуық палестиналық мерт болды. Израиль әуе шабуылдарын 7 қазанда Израильде 1200 адам қаза тауып, 240 адам кепілге алынған лаңкестік шабуылдардан кейін ХАМАС командирлері мен инфрақұрылымдарына бағыттағанын айтады.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: