ЦАХАЛ ХАМАС жетекшілерінің бірін жойғанын хабарлады
Сурет: flickr
Израиль қорғаныс күштері әскерилердің Газа секторының оңтүстігіндегі Хан Юнистегі ХАМАС әскери-теңіз күштерінің қолбасшысын жойғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.
ЦАХАЛ баспасөз қызметі әскерилер Амар Әбу Джалалды залалсыздандырғанын нақтылады. Ол теңізде бірнеше лаңкестік шабуылдарды дайындауға жетекшілік еткен.
"ЦАХАЛ барлау қызметі Хан Юнистегі ХАМАС әскери-теңіз күштерінің қолбасшысы Амар Әбу Джала мен ХАМАС-тың тағы бір теңіз күштерінің офицерін өлтірді", – делінген Израиль әскерилерінің Telegram арнасында.
Жақында армияның ресми өкілі Даниэль Хагари уақытша атысты тоқтату келісімінен кейін Израиль армиясы палестиналық ХАМАС қозғалысының содырларымен күресті жалғастыратынын айтқан.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript