Газа секторындағы уақытша бітім тағы екі күнге ұзартылды
Al Jazeera арнасының хабарлауынша, Қатар Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Маджед әл-Ансари "Газа секторындағы гуманитарлық бітімді тағы екі күнге ұзарту туралы келісімге қол жеткізілгенін" растады.
ХАМАС уақытша бітім Қатар және Мысырмен келісім бойынша және бірдей шарттармен ұзартылғанын айтты.
Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху 26 қарашада АҚШ президенті Джо Байденге Газа секторында күн сайын кепілге алынған 10 адам босатылған жағдайда ХАМАС-пен бітімгершілік келісімнің ұзартылуын "құптайтынын" айтты.
Бұған дейін Израиль әскерлері Газа секторында соғыс қимылдарын қайта бастауға дайындалып жатқаны хабарланған еді.
Палестиналық радикалдар мен Израиль арасындағы кезекті қақтығысы 7 қазан күні ХАМАС содырларының Израиль шекарасындағы елді мекендерге шабуылынан басталды. Шабуыл салдарынан 1,4 мың адам қаза тауып, 200-ден астам адам кепілге алынды. Израиль армиясы Газа секторын жаппай атқылауға кірісті, кейін Палестина анклавында ХАМАС-ты толығымен жою үшін жерүсті операциясын бастады.