Қазақстан Палестинаға қосымша гуманитарлық көмек береді
![Қазақстан Палестинаға қосымша гуманитарлық көмек береді, сурет - Zakon.kz жаңалық 29.11.2023 14:35](https://kaz.zakon.kz/pbi/WEBP/2023-11-29/file-191e1ac3-970e-490e-aa1e-704db11ec685/800x450.webp)
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сай Қазақстан Палестинаға қосымша гуманитарлық көмек көрсетеді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Аталған мәселе ҚР премьер-министрінің бірінші орынбасары Роман Склярдың төрағалығымен өткен Үкіметтік комиссия отырысында талқыланды.
Гуманитарлық көмекке жалпы салмағы 38 тоннадан асатын азық-түлік, төсек-орын жабдықтары, дәрі-дәрмек және медициналық бұйымдар кіреді. Жүктер жақын арада әуе көлігімен жөнелтіледі.
Қазақстанның қолдауы Газа секторында орын алған гуманитарлық апатты жағдайға байланысты Палестинаға көмек көрсетуге бағытталған.
Бұған дейін Қазақстан Палестина халқына $1 млн көлемінде гуманитарлық көмек көрсеткен еді.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript