Жаңалықтар тізбегі
0

Израиль армиясы: ХАМАС бітім шартын бұзып, оқ жаудырды

Газа секторы, Израиль, Палестина, зымыран, атыс, соғыс, сурет - Zakon.kz жаңалық 01.12.2023 12:37 Сурет: freepik
Израиль қорғаныс күштері бүгін, 2023 жылғы 1 желтоқсанда палестиналық ХАМАС қозғалысы бұған дейін ұзартылған бітімгершілік келісімін бұзғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Астана уақыты бойынша сағат 9:48-де ЦАХАЛ-дың Telegram арнасында Газа секторының маңындағы елді мекендерде сиреналар естілгені туралы хабарлама пайда болды.

"Газа секторы маңындағы елді мекендерде сиреналар дыбысы туралы алғашқы хабардан кейін ЦАХАЛ-дың әуе қорғаныс жүйесі Газа секторынан зымыран ұшыруды сәтті тоқтатты. Сирена Газа секторына жақын орналасқан Холитте естілді. ХАМАС операциялық үзілісті бұзды және Израиль аумағына оқ жаудырды", – деп хабарлады ЦАХАЛ.

Осыған байланысты Израиль қорғаныс күштері "Газа секторында ХАМАС лаңкестік ұйымына қарсы ұрыс қимылдарын" қайта бастады.

"ЦАХАЛ жауынгерлері Газа секторындағы ХАМАС лаңкестерінің нысандарына соққы беруде. Толық ақпарат кейінірек белгілі болады", – деп атап өтті.

Израильдің Дэймон, Мегиддо, Офер, Нафха, Кциот және Рамон түрмелерінен барлығы 30 палестиналық босатылды. Мәмле шарты бойынша Израиль кепілден босатылған әр израильдік үшін үш палестиналықты босатуы керек  Палестина жағы Газа секторында кепілге алынған алты адамды босатқан.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: