"Соққының дауысы қатты шықты". АҚШ Президентінің көлік кортежі жол апатына ұшырады
Сурет: Twitter.com/NBCNews
Дэлавер штатында АҚШ Президенті Джо Байденнің кортежіндегі көліктердің біріне белгісіз жүргізуші келіп соғылған. Америкалық көшбасшы мен оның жұбайы дін аман, деп хабарлайды Zakon.kz.
ТАСС ақпарат агенттігінің хабарлауынша, жол апатының мән-жайы мен себебі анықталу үстінде.
Жол апаты орын алғанда АҚШ Президент Джо Байден әйелі Джилл Байденмен бірге Уилмингтон орталығындағы сайлауалды штаб-пәтерінен шығып келе жатқан. Ақ үйдің баспасөз қызметінің мәліметінше, Делавэр штатының нөмірін таққан асфальт түсті жеңіл көлік штабтың кіреберісіне қарама-қарсы көше қиылысын жапқан кортежге келіп соғылған сияқты.
Соққының даусы қатты шыққан, бұл уақытта өз көлігіне жақындаған АҚШ Президенті жан-жағына таңырқап қарап қалған. АҚШ құпия қызметінің агенттері жол-көлік оқиғасын жасаған жүргізушінің көлігін дереу қоршап алып, оған қару кезеген. Ол бірден қолын жоғары көтерді.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript