Жаңалықтар тізбегі
0

АҚШ президентінің ұлы 17 жылға сотталуы мүмкін

АҚШ президентінің ұлы 17 жылға сотталуы мүмкін, сурет - Zakon.kz жаңалық 08.12.2023 15:05 Сурет: pixabay
АҚШ президенті Джо Байденнің ұлы Хантер Байден он жеті жылға сотталуы мүмкін. Әділет департаменті оған тағы да жаңа қылмыстық айыптар тақты.

Прокурорлар ақ үй басшысының баласы 1,4 млн доллар салықтан жалтарды деп мәлімдеді. Сотқа тапсырылған айыптау актісіне сәйкес, жалпы Хантер Байденнің үстінен үш қылмыстық және салық төлемегені бойынша 6 әкімшілік іс қозғалған.

Қылмысы дәлелденсе, 17 жылға дейін бас бостандығынан айырылмақ, деп жазады qazaqstan.tv.

Әділет басқармасы тергеу әлі жалғасып жатқанын хабарлады.

"Айыпталушы 2016-2019 жылдары тапқан табысын жасырып, салық төлемеді, есесіне сән салтанатта өмір сүруге миллиондаған доллар жұмсады", - делінген актіде.
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: