Жаңалықтар тізбегі
0

Иранда лаңкестік әрекеттен қаза тапқандар саны 73-ке жетті

Иранда лаңкестік әрекеттен қаза тапқандар саны 73-ке жетті, сурет - Zakon.kz жаңалық 03.01.2024 20:23 Сурет: Zakon.kz
3 қаңтарда зираттың кіреберісіне қойылған қаптарға екі жарылғыш зат салынған. Олар қашықтан қосылған. Қаза тапқан 73 адамнан бөлек, 170-тен астам адам жарақат алды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ислам революциясы Сақшылар корпусының генералы Касем Сүлеймани Кермандағы осы зиратқа жерленген. Бүгін, 3 қаңтарда қайтыс болғанының бір жылдығына орай сол жерде оның құрметіне еске алу шаралары өтті, деп хабарлайды Иранның Tasnim агенттігі.

Сүлеймани Құдс күштерін басқарды және Ираннан тыс операцияларды жүргізді. Ол Хамас пен Хезболла топтарына, сонымен қатар Сирия президенті Башар Асадқа әскери көмек көрсетті.

2020 жылдың 3 қаңтарында Сүлеймани Ирак астанасы Бағдадта АҚШ әуе күштерінің нысаналы соққысының нәтижесінде қаза тапты.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: