Таиландтағы отшашу шығаратын зауытта жарылыс болып, 20 адам қаза тапты
17 қаңтарда CBS News Таиландтың орталығындағы отшашу фабрикасында жарылыс болғанын хабарлады. Төтенше жағдайлар жөніндегі мемлекеттік агенттігінің мәліметінше, кемінде 20 адам қаза тапқан. Жарылыс болған зауыт Бангкоктың солтүстік-батысындағы Суфан Бури провинциясында орналасқан. Жарылыстың себебі анықталып жатыр. Облыстық полицияның мәліметінше, оқиға кезінде зауытта шамамен 20-30 жұмысшы болған. Бастапқыда 15-17 адам қайтыс болғаны хабарланды.
Құтқарушылардың айтуынша, құрбан болғандардың санын дәл болжау қиын. Өйткені қаза тапқандардың көбі тілімделген. Зауыт ғимараты толығымен дерлік қирады.
Таиланд ұлттық полициясының басшысы Торсак Суквимол фабрикада 2023 жылдың қарашасында бұрын жарылыс болғанын, оның салдарынан бір жұмысшы қаза тауып, үшеуі ауыр жарақат алғанын растады. Полиция қауіпсіздік стандарттарын бұзу фактісі бойынша тергеу бастады. Зауыт Қытай күнтізбесі бойынша Жаңа жыл алдында, Оңтүстік-Шығыс Азияда пиротехника заттарына сұраныс өте жоғары болған кезде апат режимінде жұмыс істеген болуы мүмкін.