Жаңалықтар тізбегі
0

Ирандық зымыран-тасығыштардың жаңа сәттілігі: "Сурая" 750 шақырымдық орбитаға шығарылды

Ирандық зымыран-тасығыштардың жаңа сәттілігі «Сурая» 750 шақырымдық орбитаға шығарылды, сурет - Zakon.kz жаңалық 22.01.2024 14:57 Сурет: Иранның ішкі хабарларынан
Иран ғарыш ұйымының "Сурая" жерсерігі, Корпус әуе-ғарыш күштерінің қатты отынды үш сатылы "Қаем 100" зымыран-тасығышымен ғарышқа сәтті ұшырылып, 750 шақырымдық орбитаға орналастырылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Иран Ислам Республикасының Қазақстан Республикасындағы Елшілігінің Қоғамдық байланыстар бөлімінің мәліметінше "Сурая" жерсерігі "Қаем 100" зымыран-тасығышымен 750 шақырымдық орбитаға ұшырылды. Осы зымыран-тасығыш 100 килограмға дейін жүктерді тасымалдай алады және өзінің үшінші сынақтық ұшырылуында шамамен 50 кг-қ зерттеу аппаратын 750 шақырымдық орбитаға жеткізді.

"Қаем 100" Сақшылар Корпусы Әуе-ғарыш күштерімен өндірілген қатты отынды зымыран. Ирандық зымыран-тасығыштар 750 шақырымдық орбитаға бірінші рет қол жеткізіп отыр. Иран Ислам Республикасының Қазақстан Республикасындағы Елшілігінің Қоғамдық байланыстар бөлімі

Иран ғарыш ұйымының "Сурая" жерсерігі сәттілікпен 750 шақырымдық орбитаға шығарылып, жаңа рекорд жасады.

Бұл ұшырылу, бүгін сенбі күні таңертең Корпус Бас қолбасшысы генерал-лейтенант Хоссейн Саломи, Иран ғарыш ұйымының төрағасы Хасан Саларие, Корпус Әуе-ғарыш күштерінің қолбасшысы сардар Амир Али Хаджизаде және бірқатар мемлекеттік және әскери лауазымды тұлғалардың қатысуында орындалды.

Аталмыш зымыран-тасығыштың сынақтық ұшырылуы, бірінші сатыдағы қатты отынды Рафеғ қозғалтқышымен сәтті орындалды және "Қаем 100" Корпустың әуе-ғарыш күштері ғалымдарымен өндірілген еліміздегі қатты отынды үш сатылы тұңғыш зымыран-тасығыш болып табылады.

"Қаем 100" зымыран-тасығыштың бірінші сатыдағы қозғалтқышы қатты отынды Рафеғ қозғалтқышының жердегі сынағы 2021 жылғы желтоқсан айында сәтті орындалған болатын, ол суборбиталды ұшу сынағынан өтті. Иран Ислам Республикасының Қазақстан Республикасындағы Елшілігінің Қоғамдық байланыстар бөлімі

Иран Ислам Республикасының Байланыс және ақпараттық технологиялар министрі Virasty әлеуметтік желісінде: Жаратушының қолдауымен, халықтық үкіметте оныншы ғарыштық ұшырылу жүзеге асырылып, ұшырылу биіктігінен жаңа рекорд тіркелді. Осыдан бірнеше сағат бұрын "Қаем 100" зымыран-тасығышы өз жүгін 750 шақырымдық орбитаға сәтті орналастырды. 100 килограмға дейін жүк тасымалдай алатын "Қаем 100" үшінші сынағы барысында шамамен 50 килограмдық зерттеу аппаратын 750 шақырымдық орбитаға орналастырды. "Қаем 100", Иран Ислам Республикасы Сақшылар Корпусы Әуе-ғарыш күштерімен жасалған қатты отынды зымыран. Ирандық зымыран-тасығыштың 750 шақырымдық орбитаға шығарылуы тұңғыш рет болып отыр. Осы зымыран-тасығыш "Сурая" жерсерігін 750 шақырымдағы жер орбитасына орналастырды,-деп жазды.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: