Британиялық компаниялар 4 күндік жұмыс кестесіне көшті
Сурет: pexels
Британ компаниялары 4 күндік жұмыс кестесіне көшті. Эксперименталды жобаға 61 мекеме қатысқан. Олардың 89 пайызының аз жұмыс істеп, біраз шаруа тындыруға болатынына көздері жеткен.
Қызметкерлері жалақыны толық алған. Күйзелістен арылып, жұмысқа деген құлшыныстары артқан. Нәтижесінде бизнес иелерінің табысы еселенді, деп жазады qazaqstan.tv.
Әрбір екінші фирма, яғни 51 пайызы эксперимент аяқталғаннан кейін 4 күндік кестеге біржолата көшіп отыр.
"Уақыт үнемдеген қызметкерлер отбасына және өзінің дамуына көңіл бөліп, еңбек өнімділігі артты", - дейді жұмыс берушілер.
"Денсаулық жағдайына байланысты демалысқа шығатындардың саны азайды. Егер бұрын қатардағы қызметкер жылына 4-5 рет сырқаттанса, қазір 1-2 күн ғана ауыратын болды. Біз нәтижеге ризамыз." Марк Даунс, корольдік биологиялық қоғамның атқарушы директоры
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript