Жапонияда 4 күндік жұмыс аптасы енгізіліп жатыр
Фото: Zakon.kz
Жапонияда демографиялық дағдарысты еңсеру мақсатында 4-күндік жұмыс аптасы енгізіліп жатыр.
Жаңа ереже Токиода сәуір айында күшіне енеді.
Айта кетсек, Күн Шығыс елінің халқы 8 жыл қатарынан азайып келеді.
Себебі жұмысбастылықтан жастар үшін отбасын құрып, балалы болу қиындап барады, деп жазады qazaqstan.tv.
Сонымен қатар, жапондық ата-аналарға жартылай демалыс беруді жиілету көзделіп отыр.
Мұның нәтижесінде жұмыскерлерде балаларына көбірек уақыт бөлуге мүмкіндік пайда болады деген үміт бар.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript