Жаңалықтар тізбегі
0

Вашингтонда домбыра үйірмесі жұмыс істейді

Домбыра үйірмесі, Вашингтон, сурет - Zakon.kz жаңалық 03.03.2024 15:37 Сурет: Zakon.kz
Вашингтонда тіл үйрету сабақтары мен домбыра үйірмесі жұмыс істейді. Әзірге, ұйымдастырылған топтар балаларға арналған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Алдағы уақытта ересектер тобын ашу жоспарда бар екен. Бексұлтан Сейдулла Фулбрайт бағдарламасымен магистратураға түсіп, былтыр Вашингтонға келген. Осыған дейін Францияда жоғары білім алып, Қазақстанда қызмет еткен талапты жас мектеп кезінен домбыра тартады. Мұхиттың арғы жағына сүйікті аспабын ала келген. Жоғарғы оқу орынында білімін жетілдіріп қана қоймай АҚШ-та тұрып жатқан қазақ балаларына домбыра үйретіп, ұлттық мәдениетімізді бойларына сіңдіргісі келеді, деп хабарлайды 24kz.

"Францияда оқуда жүрген кезімде балаларға неге домбыра сабақтарын үйретпеске деген сұрақ қойдым өзіме. Бұл сұрақ кішігірім домбыра үйірмесіне айналып, екі жылдай жалғасты. Содан кейін Вашингтонға көшіп, домбыра сабағын жалғастырайын деп елшіліктің қызметкері Өтегенов Ерланмен бірігіп, кішкентай домбыра үйірмесін, сенбілік тобын аштық". Домбыра үйірмесінің ұстазы Бексұлтан Сейдулла

Шәкірттеріне жеңіл туындыларды үйретуден бастаған Бексұлтан болашақта "Адай", "Еркесылқым", "Балбырауын" күйлерін үйретіп, мерекелік шараларға қатыстыруды мақсат етіп отыр. 

Ал 500 ғалым жобасымен тағылымдамадан өтуге келген Гүлмира Тастемірқызының қазақ тілі үйірмесін жүргізгеніне 2 айдай болып қалды. Білікті ұстаз балаларға сабақты ойын түрінде қызықтырып өткізуге мән беретінін айтады.  

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: