Гаитида бір топ қарулы адам президент сарайына шабуыл жасады

Қарулы адам, Гаити, президент сарайы, сурет - Zakon.kz жаңалық 09.03.2024 11:32 Сурет: flickr
9 наурызда бір топ қарулы адам Гаити астанасы Порт-о-Пренс қаласындағы бірнеше үкіметтік ғимараттарға, соның ішінде президент сарайына шабуыл жасады, деп хабарлайды Zakon.kz.

ABC өз дереккөзіне сілтеме жасай отырып, Гаити бандалары Порт-О-Пренстегі немесе оған жақын орналасқан бірнеше үкіметтік ғимараттарға шабуыл жасағанын хабарлайды.

Президент сарайының ғимараттары, ІІМ және полиция бөлімі шабуылдауға ұшырады.

Бұған дейін Гаитидегі бандалар азаматтық соғыс тудыра алатындықтарын жариялаған. Олар елдің басым бөлігін өз бақылауына алып, премьер-министр Ариэль Анриді орнынан кетіруге тырысуда.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: