Ұлыбритания королі III Чарльздың дүниеден озғаны туралы жалған ақпарат тарады
III Чарльздың қайтыс болғаны туралы хабарлаған БАҚ және Telegram арналар Букингем сарайының құжатына сілтеме жасаған. Кейіннен бұл құжаттың жалған екені анықталды.
Айта кетсек, аталған құжат патша отбасының сайтынан (https://www.royal.uk/) да, әлеуметтік желілерінен де (https://twitter.com/RoyalFamily) табылмады.
2024 жылы 5 ақпанда Букингем сарайының баспасөз қызметі дәрігерлер ІІІ Чарльздың қуық асты безінің ұлғаюына байланысты отадан кейінгі тексеру кезінде қатерлі ісік бар екенін анықтады. Сол себепті ол тұрақты ем-дом шараларын қабылдауға байланысты қоғамдық міндеттерден біраз уақытқа бас тартуға мәжбүр болды. Корольдің денсаулығының жағдайы нашарлауына байланысты ханзада Гарри шұғыл түрде Лондонға ұшып келген болатын.
27 ақпанда ауыр дертке шалдыққан ІІІ Чарльз патша тәжін ұлына өткізіп беру дайындығы басталғаны хабарланған болатын.
ІІІ Чарльз 2023 жылдың 6 мамырында ресми түрде Ұлыбритания королі атанды.