ХАМАС қозғалысының саяси бюросы басшысының үш бірдей ұлы қаза тапты
Сурет: X(Twitter)/@uygurhaberajans
Палестинаның Газа секторындағы ХАМАС қозғалысы саяси бюросының басшысы Исмаил Ханияның үш бірдей ұлы Израильдің Газаға әуеден соққы беру кезінде қаза тапты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бұл туралы Al Jazeera хабарлады.
"Хамас қозғалысы саяси бюросының басшысы Исмаил Ханияның үш бірдей ұлы мен бірнеше немересі Израильдің Газаға оқ жаудыруы кезінде қаза тапты", делінген хабарламада.
2023 жылдың қарашасында Ханияның немересі (қыз бала) көз жұмғаны хабарланған болатын.
Бұған дейін Израильдің 2 сәуірдегі әуе шабуылынан Иранның Дамаскідегі консулдық ғимараты қирап, құрбандар болғандар туралы хабарланған болатын. Бұл ретте Иран елшісі Хусейн Акбари мен оның отбасы зардап шекпегені айтылды. Қазақстан Сириядағы Иран консулдығының ғимаратына жасалған шабуылды айыптады.
Сонымен қатар, ЦАХАЛ-дың Газаға жасаған соққысы кезінде World Central Kitchen ҰОК мүшелері қаза тапқан болатын.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript