АҚШ-та студенттер оқу ғимаратын басып алды

Заң бұзған адам жауапқа тартылды, сурет - Zakon.kz жаңалық 02.05.2024 12:06 Сурет: pixabay
АҚШ-та студенттер наразылығы басылмай тұр. Пластинаны жақтаушы жастар Нью-Йоркте Колумбия университетінің бір ғимаратын басып алды.

Бұған оқу орнының әкімшілігі наразылық акциясына қатысқан студенттер мен оқытушыларды сабақтан шеттетуі себеп болған, деп жазады qazaqstan.tv.

Жастар нысанның жоғарғы қабатына "Хинд залы" деп жазылған баннер іліп қойды. "Бұл израиль әскері Газада өлтірген алты жасар палестиналық бала Хиндтің құрметіне жасалды", - дейді қарсылық білдірушілер.

Ал басқа студенттер ғимарат сыртындағы есіктерді бөгеп, баррикада жасады. Осы оқу орнында басталған наразылық шеруі бүкіл елге жайылып, ондаған университетте жастар көшеге шыққан.

Олар оқу орындары басшыларына бірнеше шарт қойып отыр.

Оның ішінде Израильмен кез келген байланысты үзу, тәртіптік жазаға тартылған студенттер мен оқытушыларға кешірім жасау талабы бар.

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: