Жаңалықтар тізбегі
0

Ресейде блогер алғаш рет идеяны ұрлағаны үшін жазаланды

Ресейде блогер алғаш рет идеяны ұрлағаны үшін жазаланды, сурет - Zakon.kz жаңалық 02.05.2024 17:17 Сурет: pxhere
Контент жасау қызық-ақ, бірақ қиыншылығы да жоқ емес. Ресейлік блогерлердің бірі басқа біреудің идеясын көшіру арқылы өз жұмысын жеңілдетпек еді, алайда бұл үшін 300 мың рубль (1,5 млн теңгеден астам) айыппұл төледі, деп хабарлайды Zakon.kz.

Айта кету керек, авторлық идеяны қорғау туралы сот шешімі Ресейде алғаш рет шығарылды.

Өтініш берушінің мүдделерін қорғайтын заңгер Дарина Лисецкая ТАСС басылымымен қызықты істің егжей-тегжейімен бөлісті.

Оның айтуынша, Мәскеу облысының төрелік соты өз қызметтерін жылжыту және жарнамалау мақсатында біреудің Reels (видео) Instagram-ға көшірген жеке кәсіпкерден 300 мың рубль көлемінде өтемақы өндіріп алу туралы шешім шығарды.

"Маған блогер-риэлтор хабарласты, оның оқырмандары Reels-ті көшірген адам бар екенін хабарлаған. Біз мұны тексеру хаттамасымен жаздық, сонымен қатар сотқа дейінгі шағым жаздық, бірақ автор бізге ештеңе жауап бермеді, содан кейін біз сотқа бардық". Дарина Лисецкая

Сонымен, сот Reels-ке қатысты құқықтардың бұзылғанын анықтаған.

"Барлығын жауапкер толығымен көшіріп алды және сот 300 мың рубль өндірді".Дарина Лисецкая
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: