Танымал блогер Айтым Жақыпов жол ережесін өрескел бұзғаны үшін жазаланды

Водитель, водители, машина, машины, автомобиль, автомобили, руль, сурет - Zakon.kz жаңалық 30.07.2026 13:14 Фото: pexels
Қазақстандық танымал блогер әрі ауқымды спорт жобасының негізін қалаушы Айтым Жақыпов тағы да әлеуметтік желі қолданушыларының назарына ілікті. Алайда бұл жолы ол жасаған әрекеті үшін жауапқа тартылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Threads қолданушысы Mercedes-Benz жүргізушісінің бірден бірнеше жол ережесін бұзғанін растайтын фото және бейнежазба жариялады. Оның айтуынша, оқиға Астанада LRT желісінің бойындағы Қарқаралы тасжолында болған.

Жазба авторы жол қозғалысының басқа қатысушыларына неге ашықтан-ашық құрметсіздік таныту керек екенін сұрап, жүргізушінің мынадай әрекеттерін атап өтті:

  • жол жиегімен жүру;
  • міндеттеуші жол белгілерінің талаптарын сақтамау;
  • бұрылыс белгісін бермей маневр жасау;
  • апатты жағдай туғызу;
  • қарсы қозғалыс жолағына шығу.
Танымал блогер Айтым Жакупов жол ережесін өрескел бұзғаны үшін жазаланды, сурет - Zakon.kz жаңалық 30.07.2026 13:14

Сурет: Threads/@hamster.95957351

Белгілі болғандай, көлік жүргізушісі Айтым Жақыпов болған. Ол жол ережесін бұзғанын өзі де мойындады.

"Расымен де, қатты асықтым. Егер қолайсыздық тудырсам, шын жүректен кешірім сұраймын!" – деп жазды ол жарияланымға берген жауабында.

Дегенмен елордалық полиция жол қозғалысы ережесінің бұзылғанын назардан тыс қалдырмады.

"Әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу барысында Mercedes-Benz автокөлігінің жүргізушісі жол қозғалысы ережесін бұзған бейнежазба анықталды. Жүргізушінің жеке басы белгілі болды", – делінген Астана қаласы Полиция департаментінің хабарламасында.

Нәтижесінде 34 жастағы жүргізуші жол белгілерінде көрсетілген талаптарды сақтамағаны, қарсы бағыттағы көлікпен жол айырысу және маневр жасау қағидаларын бұзғаны үшін әкімшілік жауапқа тартылды.

Бұған дейін Алматыда автобустың жол жиегінде тұрған үш автокөлікті соққаны хабарланған еді. Қоғамдық көлік жүргізушісі автобустың "сыймай қалғанын" айтқан.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: