Алматыда Шығыс айналма жолында жол ережесін өрескел бұзған жүргізушілер жазаланды

Центр оперативного управления департамента полиции, сотрудники полиции, видеонаблюдение, полиция, полицейские, ЦОУ, сурет - Zakon.kz жаңалық 29.06.2026 11:23 Фото: Zakon.kz
Алматыдағы Шығыс айналма автомобиль жолында (ШААЖ) жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзған жүргізушілер әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Әлеуметтік желіде тараған бейнежазбада бірнеше көліктің қарқынды қозғалыс кезінде колоннамен жүріп, жол қозғалысы ережелерін елемегені көрінеді. Сондай-ақ кейбір жолаушылар қозғалып келе жатқан көліктердің терезесі мен люгінен беліне дейін шығып отырған. Бұл олардың өз өміріне ғана емес, өзге жол қозғалысына қатысушылардың қауіпсіздігіне де қауіп төндірген.

Бейнежазба жарияланғаннан кейін желі қолданушылары тәртіп сақшыларынан заң бұзушыларды анықтап, жауапқа тартуды талап етті.

Алматы қалалық Полиция департаменті барлық қатысушылардың жеке басы анықталғанын мәлімдеді.

Нәтижесінде төрт жүргізуші мен бір жолаушы әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

"Үш жүргізушіге қауіпті маневр жасағаны, жолаушыларды көлік салонынан тыс тасымалдағаны және жолда апаттық жағдай туғызғаны үшін әкімшілік хаттамалар толтырылды. Тағы бір жүргізуші жолаушыны көлік салонынан тыс тасымалдағаны үшін жауапқа тартылды. Сонымен қатар көлік терезесі мен люгінен шыққан жолаушының өзі де әкімшілік жауапкершілікке тартылды", – деп хабарлады Алматы қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Полицияның мәліметінше, құқық бұзушылармен профилактикалық әңгіме жүргізіліп, жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтау қажеттігі түсіндірілген.

Айта кетейік, бұған дейін Алматы полициясы жолдағы тәртіпті бұзып, өзгелердің өміріне қауіп төндіретін автобұзақыларға қарсы бақылауды күшейткенін мәлімдеген болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: