Қарағандыда жол ережесін өрескел бұзған жүргізушілер ұсталды, көліктер айыптұраққа қойылды

Водитель, водители, машина, машины, автомобиль, автомобили, руль, сурет - Zakon.kz жаңалық 01.05.2026 12:13 Фото: pexels
Қарағанды қаласында жол қозғалысы ережелерін өрескел және әдейі бұзған бес жүргізуші ұсталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Белгілі болғандай, олар жол қозғалысы қауіпсіздігі талаптарын елемей, мынадай әрекеттер жасаған:

  • қауіпті маневрлер орындаған;
  • қарсы қозғалыс жолағына шыққан;
  • қауіпсіздік белдігін тақпаған;
  • қозғалыс кезінде көліктен шығып, өзге жол қозғалысына қатысушылардың өмірі мен денсаулығына нақты қауіп төндірген.

Polisia.kz интернет-порталының мәліметінше, барлық құқық бұзушыларға қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің бірнеше бабы бойынша әкімшілік хаттамалар толтырылған.

"Материалдар процессуалдық шешім қабылдау үшін сотқа жолданды. Көлік құралдары арнайы айыптұраққа қойылды. Құқық бұзушыларға қатысты жүргізуші куәлігінен айыру және заңда белгіленген тәртіппен қамауға алу мәселесі қаралуда", – делінген хабарламада.

Полицияның айтуынша, мұндай әрекеттер заң талаптарын өрескел бұзу болып саналады және жол қозғалысына қатысушылардың өмірі мен денсаулығына тікелей қауіп төндіреді. Сондықтан жолдағы мұндай қауіпті әрі әдейі жасалған әрекеттер қатаң түрде және дереу тоқтатылады.

Бұған дейін Қостанайда ер адамның себепсіз жаяу жүргіншіге шабуыл жасағаны хабарланған еді. Ол ұсталып, арнайы медициналық мекемеге орналастырылған.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: