Жаңалықтар тізбегі
0

Лондон қазақша сөйлеуде: Ұлыбритания астанасында тіл үйрену орталығы ашылды

Лондон қазақша сөйлеуде: Ұлыбритания астанасында тіл үйрену орталығы ашылды, сурет - Zakon.kz жаңалық 15.05.2024 17:15 Сурет: Ғалымжан Қараманұлының отбасылық мұрағатынан
Лондонда ауызекі қазақ тілі клубы ашылды. Оны Ұлыбританияның қазақ орталығы мен еріктілер тобының мүшелері құрды. Олар барлық тілек білдірушілерге ана тілін үйретеді. Таңқаларлығы, Лондонда қазақ тілін үйренгісі келетіндер көп болып шықты.

Клуб туралы Zakon.kz тілшісіне ұйымдастырушы және жетекшісі Әлия Скрутон айтты.

Ашылу салтанаты шағын мерекеге ұласты. Онда қазақ биі биленіп, Абайдын әндері мен ұлттық өнер паш етілді. Жиналғандарды орталық төрағасы Исмаил Кежиси құттықтады.

Әлия Скрутон отбасымен Лондонда 24 жыл тұрады. Оның айтуынша, қалада қазақ тілін үйренуге қызығушылық танытқандар көп, бірақ қазақ тілінде жақсы сөйлейтіндер аз. Сондықтан клуб қазақ мәдениеті туралы көбірек білуге, еркін сөйлеуге, ән айтуға ниет білдіргендердің барлығын біріктіреді. Клубқа қатысу тегін.

Лондон қазақша сөйлеуде: Ұлыбритания астанасында тіл үйрену орталығы ашылды, сурет - Zakon.kz жаңалық 15.05.2024 17:15

Сурет: қазақ тілі клубының мұрағатынан

"Бұл клубтың басты мақсаты-қазақ тілінде қарым-қатынас жасау үшін қолайлы жағдай жасау. Тіл үйренушілерге практикалық қолдау көрсету. Яғни, егер біздің клуб мүшелері де ауызекі тілді білсе, тұрмыстық деңгейде сөйлесе алса, біз мақсатқа жеттік деп айта аламыз", – деп атап өтті Әлия Скрутон.

Оның айтуынша, мұнда қазақ тіліне қызығушылық танытқан адамдарды біріктіргісі келеді. Сабаққа шетелдіктер де, мысалы, Қытайда туған этникалық қазақтар да келеді. Біздің отандастарымыз да баршылық, олар ана тілін білмегені үшін ұялады. Сондықтан да ауызекі қазақ тілін жетілдіргісі келеді.

"Шетелдіктер арасында қазақ тілін үйренудің мақсаты әр түрлі. Олардың бірі Қазақстанға турист ретінде барғысы келеді, сондықтан қазақ тіліндегі қарапайым сөздерді үйренеді. Біреудің жұбайы қазақ. Қазақ қызына ғашық болып, Димаш Құдайбергеннің шығармашылығына сүйіп тыңдағандықтан, қазақ тілін үйренгісі келетіндер де бар. Енді бірлері қазақ авторларының шығармаларын түпнұсқада оқысам деген қор құлшыныспен келген", - деп қосты ол.
Лондон қазақша сөйлеуде: Ұлыбритания астанасында тіл үйрену орталығы ашылды, сурет - Zakon.kz жаңалық 15.05.2024 17:15

Сурет: қазақ тілі клубының мұрағатынан

Бұл клубтағы сабақтар дөңгелек үстел форматында өтеді. Мысалы, бауырсақ, қазақша шай, айран мен құрт қойылып әңгімелесу арқылы оқу жүргізіледі.

Бастапқыда клуб мүшелері айына бір рет жиналуды жоспарлаған. Жазға қарай ашық ауада сабақ өткізу жоспарлануда. Егер сұраныс артса, бұл сабақтар жиі өткізіледі.

Лондон қазақша сөйлеуде: Ұлыбритания астанасында тіл үйрену орталығы ашылды, сурет - Zakon.kz жаңалық 15.05.2024 17:15

Сурет: Ғалымжан Қараманұлының отбасылық мұрағатынан

Клуб мүшелерінің бірі-Ғалымжан Қараманұлы. Ол-қызылордалық, көп жылдар бойы облыстық теледидарда жұмыс істеді, Глазго Британ университетінің медиа менеджер мамандығы бойынша түлегі. Отбасымен Лондонда тұрады. Жұбайымен бірге ол қазақстандық БАҚ-та жұмыс істейді. Олар бірге төрт бала тәрбиелеп отыр. Барлық балалар қазақ тілін біледі. Қызы мен ұлы тіпті балалар телеарнасында хабар таратады-қызы қазақстандық балаларға ағылшын тілін үйретеді.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: