Швейцарияда суық қарумен қаруланған қаскөй алты адамды жарақаттады
Соңғы ақпарат бойынша, Ааргау полициясы алты адам зардап шекті деп мәлімдеді.
"Белгісіз ер адам бірнеше тұрғынды суық қарумен жарақаттады. Қазір ол қамауда. Өңірде ірі полиция операциясы жүргізілуде. Қауіпсіздік үшін терезелер мен есіктерді бекітіңіздер", – делінген X (бұрынғы Twitter) әлеуметтік желісіндегі құқық қорғау органдарының хабарламасында.
Швейцариялық Le Temps газеті қалада полиция арнайы күштері жұмылдырылғанын, зардап шеккендерді тасымалдауға жедел жәрдем көліктері мен медициналық тікұшақ дайындалғанын атап өтті.
Zofingen: Mann verletzt mehrere Personen. Er ist unter Kontrolle. Ein Grosseinsatz der Polizei läuft. Bitte meiden Sie das Stadtgebiet um die Region BZZ und Trinermatte. Bitte verschliessen Sie Fenster und Türen.
— Kapo_Aargau (@Kapo_Aargau) May 15, 2024
Бұған дейін, 2024 жылдың 15 мамырында қарулы белгісіз ер адам Словакия Премьер-министрі Роберт Фицоны атып кетті. Осыған байланысты,Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бұл террорлық әрекетті қатаң айыптайтынын және мұндай қараулықты мүлде ақтауға болмайтынын мәлімдеді.