КХДР шамамен 10 баллистикалық зымыран атқан

КХДР шамамен 10 баллистикалық зымыран атқан, сурет - Zakon.kz жаңалық 30.05.2024 10:31 Сурет: Кореяның орталық ақпарат агенттігі
Бейсенбі, 30 мамырда КХДР Жапон теңізіне қарай 10-ға жуық баллистикалық зымыран ұшырды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Yonhap мәліметтері бойынша, он қысқа қашықтықтағы снарядты Солтүстік Корея армиясы сағат 02:14 шамасында ұшырды.

Зымырандар сейсенбі мен сәрсенбіде Солтүстік Корея 150 әуе шарын пайдаланып, Оңтүстік Корея аумағына қоқыс тастаған оқиғадан кейін орын алды. Қоқыс салынған пакеттер ішінен үгіт-насихат парақшалары да табылды. Құлаған шарлардың кейбірінде "нәжіс иісі мүңкіген қоқыстар болған".

27 мамырда КХДР барлау спутнигін ұшыру әрекеті сәтсіз аяқталғанын мойындады. Әрекет салдарынан Жапонияда зымыран қаупі жарияланды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: