Жаңалықтар тізбегі
0

Парижде олимпиада қарсаңында мыңдаған үйсіздерді қаладан қуып шықты

Парижде олимпиада қарсаңында мыңдаған үйсіздерді қаладан қуып шықты, сурет - Zakon.kz жаңалық 04.06.2024 13:24 Сурет: theguardian
Париж полициясы олимпиада қарсаңында, қаладағы және оның маңындағы мыңдаған үйсіз адамдар мен әлеуметтік жағдайы ауыр жандарды қуып жіберді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Полицейлер негізінен баспанасыз адамдарды, қауіпті және осал жағдайдағы балалары бар отбасыларды, сондай-ақ нашақорлар мен интимдік қызмет көрсететін жұмыскерлерді қаладан шығарған. Le Revers de la médaille қауымдастық бірлестігінің есебінде бұл адамдарды билік "қалаусыз деп санайды" делінген.

Бірлестіктің денсаулық мониторингі жөніндегі үйлестірушісі Пол Алози билікті Олимпиадаға Парижді "ең жақсы жағынан" көрсету үшін қаланың ең қолайсыз тұрғындарын "әлеуметтік тазартуда" айыптады.

Парижде олимпиада қарсаңында мыңдаған үйсіздерді қаладан қуып шықты, сурет - Zakon.kz жаңалық 04.06.2024 13:24

Сурет: forums.sherdog

Адамдар өткен жылы мәселенің қысқа мерзімді шешімі ретінде құрылған уақытша аймақтық орталықтарға автобуспен жеткізіледі. Баяндама авторлары үйсіздер мәселесін шешу үшін бүкіл Франция бойынша кем дегенде 20 мың үй салу керек дейді.

"Бұл мемлекеттік саясат бірнеше жылдан бері жұмыс істеп келе жатқанымен, бірқатар көрсеткіштер Олимпиада ойындары процестті тездетіп жатқанын көрсетеді", – делінген хабарламада.

2 маусымда еліміз Олимпиаданың 10-шы жолдамасын ұтып алды.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: