Бельгиялықтар қатаң үнемдеу шараларына қарсы ереуілге шықты

Бельгиялықтар қатаң үнемдеу шараларына қарсы ереуілге шықты, сурет - Zakon.kz жаңалық 04.06.2024 13:35 Сурет: pixabay
Бельгияда мемлекеттік қызметкерлер үкіметтің қатаң үнемдеу шараларына қарсы шеруге шықты. Ереуілді елдің бірнеше қаласында жергілікті кәсіподақ ұйымы ұйымдастырған.

Еуропалық парламент жақында бюджетті қатаң үнемдеу ережесін бекіткен болатын.

Шерушілер 30 млрд еуроны үнемдеу үшін әлеуметтік қорғау, денсаулық сақтау салаларында қысқарту жүргізуге қарсы, деп жазады qazaqstan.tv.

Бұл - ауруханалар, білім ордалары мен коммуналдық қызмет үшін қатты соққы болады, дейді мемлекеттік қызметкерлер.

"30 млрд еуроны үнемдеу үшін биліктегілер зейнетақыны, жәрдемақыны қысқартпақ. Біз оған қарсымыз. Мемлекеттік шығынды азайтқысы келсе, 1 млн еуродан артық кірісі бар байларға салықты көбейтсін." Карлос Понтиго, кәсіподақ ұйымының мүшесі
Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: