Жаңалықтар тізбегі
0

Ереван маңындағы газ құю станциясында үлкен жарылыс болды

Ереван маңындағы газ құю станциясында үлкен жарылыс болды, сурет - Zakon.kz жаңалық 07.06.2024 09:28 Сурет: Facebook/Наталья Оганова
6 маусымда Армения ІІМ баспасөз хатшысы Нарек Саркисян Facebook-те Ереван-Севан жолындағы газ құю станциясы жарылып, жарылыс салдарынан өрт шыққанын айтты. Алдын ала ақпарат бойынша, зардап шеккендер бар, деп хабарлайды Zakon.kz.

Оның айтуынша, оқиға орнына Ереван ІІМ сегіз өрт сөндіру жасағы кеткен. Зардап шеккендер мен зақымданулар туралы ақпарат берілмеді.

"Алдын ала ақпарат бойынша, зардап шеккендер бар. Қазіргі уақытта жарылыс орнында өртті сөндіру жұмыстары жүргізілуде. Оқиға орнында ТЖМ-нің 12 өрт сөндіру құрылымы бар. Жұмысты құтқару қызметінің директоры-ІІМ басшысының орынбасары Камо Цуцулян үйлестіреді", - делінген хабарламада.

Бұған дейін Павлодарда балалар ұйымдастырған ормандағы өрт үшін ата-аналарына айыппұл салынғаны хабарланған болатын.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: