Газадағы босқындар лагеріне тағы да шабуыл жасалды: қаза тапқандар бар
Сурет: pixabay
Израильдің Газа секторының орталық бөлігіндегі босқындар лагеріне жасаған шабуылы кезінде тағы да адамдар көз жұмды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Al Jazeera телеарнасының хабарлауынша, Израиль әскерлері анклавтың орталық бөлігінде орналасқан Нусейрат босқындар лагеріндегі тұрғын үйлерге нұқсан келтірді. Нақтыланғандай, оқиғадан екі палестиналық қаза тапты, тағы 12 адам жарақат алды.
Бұған дейін дәл осы лагерге жасалған шабуылдан жеті адам қаза тапқанын хабарладық.
Газадағы соғыс 2023 жылы қазанның 7 күні хамастықтар Израильдің оңтүстігінде 1200 адамды өлтіріп, 250-ден астан адамды кепілге алғаннан кейін басталды.
Содан бері 37 мыңнан астам палестиналықтар қаза тауып, анклав тұрғындарының көпшілігі үйлерінен кетуге мәжбүр болды.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript