Иранның жоғарғы рухани көшбасшысы Әли Хаменеидің жұбайы да көз жұмды

Қайтыс болды,  Иран, жоғарғы рухани көшбасшы, Әли Хаменеи, жұбайы, Мансуре Ходжасте, сурет - Zakon.kz жаңалық 02.03.2026 20:08 Сурет: pixabay
АҚШ пен Израильдің әуеден жасаған шабуылы кезінде қаза тапқан Иранның жоғарғы рухани жетекшісі Әли Хаменеидің жұбайы Мансуре Ходжасте Багерзаде де көз жұмды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы шетелдік БАҚ-тарға сілтеме жасай отырып, RT жазады.

Жоғары рухани көшбасшы жұбайының қайтыс болғаны туралы Ирактың Sabereen News арнасы, сондай-ақ Mehr агенттігі, Al-Alam және Press TV сынды БАҚ-тар хабарлады.

АҚШ пен Израильдің шабуылы кезінде алған жарақаттарынан кейін Хаменеидің жұбайы комаға түскен.

БАҚ деректеріне сәйкес, Әли Хаменеи қаза тапқан сәтте жұмыс орнында болған. Ол Иранды 36 жыл бойы басқарған.

Жалпы, АҚШ пен Израильдің шабуылдары салдарынан Иранда 200-ден астам адам қаза тапқан.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: