Жаңалықтар тізбегі
0

Олимпиада ойындары өтпей қалуы мүмкін: Париждегі Сена өзенінде ішек таяқшасы табылды

Париждегі Сена өзенінде E.coli бактериясы табылды-Олимпиада ойындарында ашық су турнирлері өтпеуі қалуы мүмкін, сурет - Zakon.kz жаңалық 27.06.2024 10:15 Сурет: Instagram/paris2024
Сена өзенінде ішек таяқшасының бактериясы табылды, сондықтан жазғы Олимпиаданың ашық суда өтетін турнирлері кейінге қалдырылуы немесе тіпті өтпеуі де мүмкін, деп хабарлайды Zakon.kz.

Franceinfo ақпаратынша, Парижде Сена өзеніндегі судың сапасына күнделікті талдау 1 маусымнан бастап жүргізіле бастады. Аралық талдау өзеннен ішек таяқшасының бактерияларының табылғанын көрсетті. Бұл өз кезегінде қатысушылар мен көрермендердің денсаулығына алаңдаушылық туғызады, сонымен қатар бір айдан кейін басталатын Олимпиада ойындарын өткізуге әсер етуі мүмкін.

Құны миллиард еуродан асатын тазарту шараларына қарамастан, Сенадағы судың сапасы төмен болып қала береді. Судың 14 үлгісінің біреуі ғана қанағаттанарлық болды. Бұл триатлон жарыстарын кейінге қалдыруға немесе тоқтатуға әкелуі мүмкін.

Аталмыш сайысқа қатысу үшін, олимпиадалық квотаны елімізден триатлоншы Екатерина Шабалина жеңіп алған болатын.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: