Париж әуежайында жолаушыларды шұғыл түрде эвакуациялады

Эмигрант, эмигранты, эмиграция, мигрант, мигранты, миграция, иммигранты, иммигрант, иммиграция, приезжий, приезжие, приезд, выезд, прибытие, вылет, переезд, прилет, аэропорт, люди в аэропорту, путешествие, репатриация, репатрианты, репатриант, кандас, кандасы , сурет - Zakon.kz жаңалық 26.08.2024 10:33 Фото: pixabay
Француз полициясы бомба салынғаны туралы жасырын хабарламадан кейін Париждегі Орли әуежайының екі терминалынан жолаушыларды эвакуациялады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Le Parisien газеті жазғандай, белгісіз адам полицияға қоңырау шалып, әуежайдың дәретханасына бомба салдым деп мәлімдеді. Нәтижесінде полиция барлық жолаушыларды 2 және 3 терминалдардан алдын-ала эвакуациялау туралы шешім қабылдады.

Ешқандай жарылғыш құрылғылар табылмағаны атап өтілді.

25 тамызда Израильдің солтүстігіндегі шиеленісті жағдайлардан кейін Air France, Біріккен Араб Әмірліктеріне қарасты Etihad Airways және Грецияның Aegean Airlines әуе компаниялары Тель-Авивке қатынайтын барлық рейстердің тоқтатылғанын жариялады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: