Жаңалықтар тізбегі
0

Камчаткада апатқа ұшыраған тікұшақта болған 17 адамның денесі табылды

Тікұшақ, МИ-8, апат, Камчатка, 17 адамның денесі табылды, сурет - Zakon.kz жаңалық 01.09.2024 15:34 Сурет: РБК
Бұған дейін іздеу тобы 1 қыркүйекте Камчаткадан бір күн бұрын байланысқа шықпай қалған Ми-8 тікұшағының бөлшектерін тапқаны белгілі. РФ ТЖМ оқиға орнынан 17 адамның денесін тапқандарын жеткізді, деп хабарлайды Zakon.kz.

РФ ТЖМ құтқарушылары Камчаткада жоғалып, бөлшектері табылған Ми-8 тікұшағында болған 17 адамның денесін тапты, деп хабарлайды ТАСС Ресей ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Қазіргі уақытта 17 мәйіт табылды. Іздеу жұмыстары әлі жалғасуда", - деді министрлік.

Сондай-ақ РФ ТЖМ-ның Камчатка өлкесіндегі департаменті тағайындаған іздеу-құтқару жасағында тоғыз құтқарушы оқиға орнында жұмыс істеп жатқаны нақтыланады. 

Бұған дейін Камчаткада бір күн бұрын жоғалып кеткен тікұшақтың бөлшектері табылғаны хабарлаған. Апатқа ұшыраған тікұшақ бортында 22 адам болуы мүмкін екені айтылған.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: