Тель-Авивте ереуілге байланысты әуежай жабылады
Бұл туралы Channel 12 мәлімдеді.
Ереуілге Израиль қорғаныс күштері Газа секторындағы жерасты туннелінен алты кепілге алынған адамның мәйітін тапқаны себеп болды. Сот-медициналық қорытындыларға сілтеме жасаған Ynet деректеріне сәйкес, кепілге алынған адамдардың денелерінде оқ жарақаттарының іздері табылды. Сондай-ақ, олар соңғы 48 сағат ішінде өлтірілген.
Израиль Палестинаның ХАМАС қозғалысын болған оқиға үшін айыптады, ал содырлар кепілге алынғандар Израильдің шабуылынан қаза тапты деп мәлімдеді.
25 тамызда Израильдің солтүстігіндегі шиеленісті жағдайлардан кейін Air France, Біріккен Араб Әмірліктеріне қарасты Etihad Airways және Грецияның Aegean Airlines әуе компаниялары Тель-Авивке қатынайтын барлық рейстердің тоқтатылғанын жариялады.