Жаңалықтар тізбегі
0

АҚШ Венесуэла президентінің ұшағын тәркіледі

Ұшақ, АҚШ, Венесуэла президентінің ұшағы, тәркілеу, сурет - Zakon.kz жаңалық 02.09.2024 21:38 Сурет: pixabay
АҚШ санкциялар мен қылмыстық құқық бұзушылықтарға байланысты Венесуэла президенті Николас Мадуроның ұшағын тәркіледі, деп хабарлайды Zakon.kz.

Шетелдік БАҚ ұшақтың Флоридаға жеткізілгенін және АҚШ билігі Венесуэланы құлақтандырған Доминикан Республикасымен әріптестікте жұмыс істеп жатқанын жазады. Ұшақ тәркіленгеннен кейін Венесуэла үкіметі оны қайтару жөнінде тиісті инстанцияға өтінішпен жүгіне алатыны нақтыланады. 

Badlands Media мәліметінше, ұшақтың құны 13 миллион долларды құрайды. 

Бұған дейін Венесуэлада тамыз айының басында тәртіпсіздіктер болғаны хабарланған. Жергілікті құқық қорғау органдары сайлаудан кейін елді шарпыған екі мыңнан астам тәртіпсіздікке қатысушыларды ұстады. Ел президенті Николас Мадуроның шешімімен олар қатаң режимдегі түрмеге тоғытылады. 

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: