Кореяда дрон ұшатын сауда арбасына айналды
Сурет: pxhere
Технологиялық прогресс айтарлықтай жылдамдықпен алға жылжуда. Бұған мысал ретінде жүктерді тасымалдауға арналған palletrone дронын келтіруге болады. Оның негізін Сеул ұлттық университетінің инженерлер тобы қалады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Зерттеушілер инновациялық арбаны бірінші кезекте логистика саласында, мысалы, қоймаларда немесе азық-түлік дүкендерінде қолдануға болады деп есептейді. Әсіресе, palletrone тауарларды баспалдақпен жылжытқанда пайдалы.
New Atlas басылымының ақпаратына сүйенсек, құрылғы 3 кг-ға дейінгі жүкті тасымалдай алады.
Сынақ барысында дрон салмағы 2,93 кг жүкті сәтті жеткізді.
Алайда, құрылғының қуат көзі өшсе, ол пайдасыз болып қалады. Бірақ болашақта, инженерлердің айтуынша, ұшу кезінде дронды зарядтаудың жолын ойлап табуға болады.
Бұған дейін Қостанайлық полицейлердің ЖҚЕ бұзушыларды дрон арқылы анықтап жатқаны хабарланды.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript