Гаити халқының жартысы аштыққа ұшырады

Гаити халқының жартысы аштыққа ұшырады, сурет - Zakon.kz жаңалық 01.10.2024 14:11 Сурет: pixabay
Гаитидің 11 миллиондай халқының 5 жарым миллионға жуығы ашаршылыққа ұшырап жатыр.

Олар өздерін және отбасыларын қамтамасыз ете алмайтын жағдайға жеткен. Мұны БҰҰ-ның Дүниежүзілік азық-түлік бағдарламасы хабарлады.

Оның дерегінше, 6 мыңдай тұрғын аштықтың ең ауыр түріне душар болған, деп жазады qazaqstan.tv.

Елде мұндай жағдайдың қалыптасуына Гаити астанасының 80 пайызын басып алған қылмыскерлердің азық-түлік таситын жолдарды бақылауға алуы себепші.

Сонымен қата, деңгейі 30 %-ға жеткен инфляция, қуаңшылық және 2021 жылғы алапат зілзала да ел тұрмысын қатты нашарлатып жіберген.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: