Алматыда самокаттардың тең жартысы айып тұрағына қойылды

Самокат, самокаты, самокатчики, электросамокаты, электрический самокат, электрические самокаты, сурет - Zakon.kz жаңалық 08.04.2026 14:23 Фото: Zakon.kz
Алматыда самокаттардың жартысына жуығы айып тұрағына жеткізілді. Қалалық Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының мәліметінше, 22 мың 500 самокаттың 11 мыңнан астамы арнайы тұрақтарға қойылған.

Басты себеп: қос дөңгелекті көліктің жол бойында ретсіз қойылып, жаяу жүргіншілер мен көліктер қозғалысына кедергі келтіруі. Оған қоса жоғары жылдамдықпен қозғалуы жолға кедергі келтіріп, апатты жағдайды тудыруда.

27 наурыздан бастап қалада кикшеринг, яғни қысқа мерзімге электросамокатты жалға беру қызметі іске қосылған, деп жазады qazaqstan.tv.

Алайда билік өкілдері олардың жол қозғалысына айтарлықтай кедергі келтіріп отырғанын айтады. Негізгі мәселе жылдамдықты бақылаудың қиындығы және GPS дәлдігінің төмендігі.

Енді биыл Алматыда кикшеринг саласын реттеу күшейтілмек. Жоспар бойынша 5 мыңға жуық арнайы тұрақ пен 55 шақырым веложол салу көзделген. Сондай-ақ тұрғындардың шағымын қабылдайтын Telegram-бот-та іске қосылады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: