Абай облысында 10 миллион қарызы бар борышкердің көлігі айып тұрағына қойылды

Деньги, тенге, национальная валюта, национальная валюта РК, национальная валюта Казахстана , сурет - Zakon.kz жаңалық 21.04.2025 16:10 Фото: Zakon.kz/Максим Золотухин
"Қауіпсіз жол" жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында Абай облысы полиция департаментінің патрульдік полиция ротасының қызметкерлері Toyota Camry автокөлігін тоқтатып, арнайы айып тұрағына жеткізді.

Ұсталған көлік жекеменшік сот орындаушысының қаулысына сәйкес тоқтатылған. Ресми мәліметке сәйкес, көлік иесінің мемлекет алдындағы берешегі 10 миллион теңгеден асады.

"Қауіпсіз жол" іс-шарасы жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, сондай-ақ сот актілерінің орындалмауына байланысты құқық бұзушылықтарды анықтап, жолын кесуге бағытталған.

Абай облысы полиция департаменті азаматтарды сот шешімдерін уақытылы орындап, Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтауға шақырады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: