Анталияда әуежайға қону кезінде ұшақтың доңғалағы жұлынып кетті

Ұшақ, Түркия, шасси, төтенше жағдай, Мюнхень-Анталья рейсі, сурет - Zakon.kz жаңалық 13.10.2024 13:56 Сурет: Х/HavaSosyalMedya
Мюнхен – Анталья рейсін орындаған Boeing 737 ұшағының дөңгелегі жұлынып кетті. Жолаушылар борттан аман-есен шығарылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы ақпарат түріктің онлайн азаматтық авиация платформасы - HavaSosyalMedya Х әлеуметтік желісінде жариялады.

"Мюнхен-Анталья рейсін орындаған, тіркеу нөмірі - TC-TJV, Corendon Airlines әуе компаниясының Boeing 737 ұшағының доңғалағы қону кезінде жұлынып кетті. Ұшақ ұшу-қону жолағымен ары қарай жылжып, ақыры өздігінен тоқтады", делінген хабарламада.

Айта кетсек, бұған дейін Түркияда көпбалалы ер адам отбасын қырып тастап, артынан өзіне қол жұмсағаны хабарланған.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: