Ресейдегі сауда орталығында бала батуттан құлап, омыртқасын сындырды
Сурет: pixabay
Саратов облысында Green House сауда орталығында бүлдіршін батуттан құлап, омыртқасын сындырды, деп хабарлайды Zakon.kz.
"СарИнформ" басылымының ақпаратынша, тоғыз жасар қыз "Кислород" ойын-сауық орталығында батутта секіріп, одан құлап кеткен. Зардап шеккен қызға медициналық мекемеде көмек көрсетілді.
Кәмелетке толмағандарды жарақаттау фактісі бойынша Ресей СК-нің аймақ бойынша тергеу органдары қауіпсіздік талаптарына сәйкес келмейтін қызметтер көрсету туралы қылмыстық бапта көзделген қылмыс белгілері бойынша тексеруді бастады. Болған оқиғаның егжей-тегжейі анықталуда.
Бүған дейін Нигерия президенті өлім жазасына кесілген балаларды босатуды бұйырғаны хабарланған болатын.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript