Дональд Трамптың инаугурациясы қашан өтетіні белгілі болды

Дональд Трамп, президенттік сайлау, инагурация, АҚШ, сурет - Zakon.kz жаңалық 06.11.2024 19:43 Сурет: pixabay
АҚШ-тың президенттік сайлауында жеңіске жеткен Дональд Трамптың инаугурациясы 2025 жылдың 20 қаңтарына жоспарланып отыр, деп хабарлайды Zakon.kz.

АҚШ-тың келесі президентін ұлықтау рәсімі 2025 жылдың 20 қаңтары, дүйсенбіде Вашингтондағы Капитолий ғимараты алдында өтеді, деп жазады USA Today.

Инаугурацияға дейін және одан кейін басқа да мерекелік іс-шаралар өтеді, соның ішінде инаугурациялық шеру мен би кеші де болады.

Айта кетсек, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Дональд Трампты АҚШ-тағы президенттік сайлаудағы жеңісімен құттықтап, жеделхат жолдаған болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: