Биыл планетадағы ауа температурасы 1,5 градусқа жоғарылаған
Фото: pixabay
2024 жыл ең ыстық жыл болып тарихқа енуі мүмкін. Мұндай деректі Еуропаның «Коперник» Жер климатын бақылау қызметі ұсынып отыр.
Биыл алғаш рет жаһандық жылынудың өсу қарқыны бойынша Париж келісімінің негізгі межесінен асып түскен. Осылайша, планетадағы орташа температура бір жарым градусқа жоғарылаған.
Ғалымдардың айтуынша, мұндай өзгеріс 1940 жылдан басталды, деп жазады qazaqstan.tv.
Болжам бойынша ауа температурасының рекорды алдағы жылдары өзгеруі ықтимал.
Егер Жер шарында орташа температура + 2 градусқа жылынса, апат көбейеді, дейді ғалымдар.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript