Беньямин Нетаньяху Иран халқына үндеу жасады
Сурет: бейнежазба скриншоты
Израиль Премьер-министрі Беньямин Нетаньяху Иран халқына бейне үндеу жазды, онда Израиль барлық көрші елдермен бейбіт қатар өмір сүруге ұмтылатынын, олардың қатарында ирандықтар да бар екенін айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Оның айтуынша, израильдіктер ирандықтармен бейбіт өмір сүруді қалайды, алайда бұған Иран басшылығы кедергі келтіріп, өз азаматтарын қысымға ұшыратып, Израильге қауіп төндіреді.
"Сіз олардың шын мәнінде неден қорқатынын білесіз бе? Олар сіздерден, Иран халқынан қорқады. Бір күні бәрі өзгеретін білемін, бір күні Иран халқы еркін болады",- деді Израиль премьер-министрі.
Ол сондай-ақ Иранның бейбіт болашағы "көпшілік ойлағаннан әлдеқайда ертерек" жүзеге асатынын атап өтті.
"Израиль өз мемлекетін ғана емес, өркениетті де варварлықтан қорғайды", — деп атап өтті ол.
An important message to the people of Iran >> pic.twitter.com/HX0UXNjQj7
— Benjamin Netanyahu - בנימין נתניהו (@netanyahu) December 12, 2024
Бұған дейін Иранда әйелдерге арналған жаңа заң жобасы дайындалғаны хабарланған болатын. Заң бойынша "хиджаб мәдениетін" сақтамаған әйелдер қамауға алынып, сотталады, тіпті өлім жазасына кесілуі де бек мүмкін.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript