Сирияда Башар Асад билігі тұсында тыйым салынған валюта саудасы қайта жанданды
Сурет: pixabay
Сирияда Башар Асад билігі тұсында тыйым салынған валюта саудасы қайта жанданды. Ел астанасы Дамаскіде ақша айырбастайтын бірнеше пункт ашылған.
Бұрын осы іспен айналысқан адамдар түрмеге қамалса, енді мұндай операциялар үйреншікті жағдайға айналып келеді.
Жақында Араб Республикасының жаңа үкіметі бизнес жетекшілерімен кездесіп, Сирияны еркін нарық моделіне көшіріп, әлемдік экономикаға интеграциялауға уәде берді, деп жазады qazaqstan.tv.
Экономистердің болжамынша, бұның нәтижесінде елге жаңа инвестиция тартылып, шетелге қашқан миллиондаған адамды қайтаруға жол ашылады.
Сол босқындар арасында орта тап өкілдері көп.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript