Босқындар лагері: Түркияны паналаған сириялықтар еліне оралып жатыр

Военная служба, военнослужащие, военнослужащий, военные, военный, армия, солдаты, солдат, вооруженные силы, военные учения, служба, сурет - Zakon.kz жаңалық 19.12.2024 09:50 Фото: Министерство обороны РК
Сирияда Башар Асад билігі құлағаннан кейін елден босып кеткен халқы қайта оралып жатыр. Олардың басым бөлігі кезінде Түркияны паналағаны белгілі.

Шамамен 3,5 млн босқынға Түркия мемлекеті қамқор болды. Сол уақытта Қазақстандық ақпарат құралдарының жалғыз өкілі – Ұлттық арна тілшісі, әріптесіміз Ғабит Ұзақбай Түркия Сирия шекарасындағы босқындар лагерінде болған еді. Осыдан 8 жыл бұрынғы кадрларға көз жүгіртсек...

Түркияның Қорғаныс министрлігінің қатаң бақылауындағы Газиантеп аймағындағы босқындар лагерін 5 мыңға жуық адам паналаған. Жалпы ел бойынша дәл осындай 26 лагерь жасақталған. Тіпті босқындарды қорғау үшін арнайы заң қабылдаған, деп жазады qazaqstan.tv.

Соның арқасында әр отбасыға жеке баспана беріп, мейлінше барлық жағдайын жасаған. Балаларға араб және түрік тілінде білім беру үшін мектеп ашқан. Сол кезде лагерь тұрғындарының бірі Исмаил атты бозбаланың еліне деген сағынышы ерекше әсер қалдырған еді.

"Біздің көшеге бомба түсті, қатты қорықтық, сол сәтте еш ойланбастан біз Түркияға қарай өтуге бел будық. Бір күнде жеттік осы жерге. Үш бауырым, ата-анам бәріміз осы жердеміз." Исмаил, Сирия азаматы

Сирияда соғысқа дейін 20 млн халық болса, 7 млн астамы елін тастап кеткен болатын. Солардың бірі – босқындар лагерін паналаған Мәхір Осмад ақсақал.

"Бізді Сирияның мемлекеттік ұшақтары бомбалады. Мен бұрынғы әскери адаммын, болған жағдайды жақсы білемін. Сол жарылыстардан туыстарымызды жоғалттық. Содан қашып осында келдік. Түркия еліне айтар алғысымыз шексіз, бізді бауырына басты, пана берді. Бірақ біз туған жерімізді сағынамыз, соғыс аяқталса, міндетті түрде елімізге барамыз. Бар тілегіміз соғыс тоқтап, атамекенімізге жету." Мәхір Осмад Жарашур, Сирия азаматы
Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: