Ресейде ана мен оның 10 айлық баласы суши жегеннен кейін ауруханаға түсті

Ресейде ана мен оның 10 айлық баласы суши жегеннен кейін ауруханаға түсті , сурет - Zakon.kz жаңалық 17.12.2024 10:24 Сурет: pixabay
Оқиға Липецк қаласында (Ресей) болды. Төрт адамнан тұратын отбасы мейрамханалардың бірінде суши мен пиццаға тапсырыс беріп, артынша жұқпалы аурулар ауруханасына түсті, деп хабарлайды Zakon.kz.

ТАСС мәліметтері бойынша, ересектерге орташа ауырлық дәрежесі диагнозы қойылған, ал 10 айлық балаға жеңіл. Қазір Роспотребнадзордың аймақтық басқармасы тексеру жүргізуде.


"Жексенбі күні екі әйел мен 17 жасар жасөспірім қыз және 10 айлық бала Липецк мейрамханаларының бірінде суши мен пицца жеген. Түнде олар өздерін нашар сезініп, жедел жәрдем шақырды, дәрігерлер оларды облыстық жұқпалы аурулар ауруханасына жеткізді. Роспотребнадзор мамандары аталмыш фастфуд мейрамханасын тексеріп жатыр", — деп жазды ТАСС.

Бұған дейін 16 жасар жасөспірімнің өз отбасын қырып салғанын мойындағаны хабарланған болатын.

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: